top of page

Қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық жоспары

ТҮСІНІКТЕМЕ

        Қазақ тілі талай ғасырдың қыры мен сырын, қалтарысы мен бұлтарысын бүккен тарихи терең тіл. «Сыны кетсе де сыры кетпеген» бұл тілдің сұлулығы мен сипатына әлі күнге көзі қарақты азаматтар үңілумен келеді.

1989 жылдан мемлекеттік мәртебеге ие болған туған тіліміздің айшықты  да әсерлі сыртқы табиғатына көңіл бөлген ғалымдар, әдіскерлер, ұстаздар әлі күнге ішкі болмысында зерттеуде, соны жаңалықтар дүниеге келуде. Қазақ тілінің бұл факультативтік бағдарламасы 11 – сынып оқушысының алдына бірнеше міндет- мақсаттарды  қояды.

1. Қазақ тілінің шығу тегі мен қазіргі мемлекеттік мәртебесі және ол туралы заңдар бойынша білімін пысықтау.

2. Қазақ тілі білімінің салалары  мен олардың зерттеу обьектілерінің кестесін оқып-үйрену.

3. Қазақ әдеби тілінің нормалары, стильдік ерекшеліктері, пунктуация мәселелерін жетік меңгеру.

4. Ауызша да, жазбаша да жоғары тіл мәдениетін, танымдық-біліктілігін, яғни қазақ халқының материалдық, рухани, тарихи-мәдени байлығын ана тілі арқылы таныту.

 

Оқушылардың негізгі білім –біліктілігіне,

икем – дағдысына қойылатын талаптар

 

         Оқушылардың ана тілінің нәрімен мол сусындап өсуінің, олардың ғылыми ойлау жүйесінің дамуындағы, әлемдік ілімді жете меңгеріп, өз елінің ұлтжанды азаматы болып ер жетуіндегі рөлі ұшан-теңіз.

Мектеп бітіруші түлек, келешек мамандық иесінің, қазақ лингвистикасымен берік қарулануы-оның жазбаша сауатты, жоғары тіл мәдениетін жетік меңгерген, педагогика-психологиялық тұрғыдан зор тәлім-тәрбие алған, эстетикалық талғамы биік, салиқалы да саналы азамат қатарынан орын алуының көрінісі.

Төменгі сыныптардан бастап грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді ауыр, жеңіл түрлеріне қарай сипаттап, ажыратып, жүйелі тиянақтап шыққан оқушы ауызша да, жазбаша да грамматикалық қателерге ұрынбайды.

Тіл дамытудың сыры мен заңдылығына терең үңіліп, мән берген оқушының ой-өрісі, дүние танымы кеңейіп, өзіндік пікірі қалыптасып, ғылым саласында да әдеби мәнерде сөйлеуге дағдыланады.

Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорының ұшы – қиыры шексіз, сондықтан білімді, мәдениетті адамның ғана сөзі орынды, жинақы, жатық келетінін есте ұстау ләзім.

Дөрекі, жағымсыз сөздерден аулақ болып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, түйінді, ойлы, сыпайы сөздерді ретімен қолдану-бүгінгі өмір талабы екенін айтуымыз қажет.

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Instagram Social Icon
DSC07399
DSCN2515
DSCN2508
DSC07278
DSC06890
IMG-20150606-WA0036
DSC06862

2016 жыл

bottom of page