top of page

  ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗША СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН

ДИАЛОГТІК  ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

      Ауызша сөйлеу қарым-қатынас кезінде орфоэпия қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен тығыз байланысты. Сөйлеу қалыптары орфографияға бағынышты емес. Барлық сөздерді қалай жазылса, солай оқуға міндеттей алмайды. Өйткені қазақ тілі – табиғатында үнді, әуезді тіл. Мәнерлеп, сөздің нақышына келтіріп айту – ауыз әдебиетінің асыл қазыналарынан, шешендік сөздерден келе жатқан заңдылық. Айтайын деген ойды бейнелі де, әсерлі жеткізудің бір жолы – тілдің  бейнелегіш құралдарын  пайдалану, сөзді образды қолдану. Ауызекі сөйлеу тілінің стиліне  мән беру айрықша бір мән береді. Олай болса, ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін мынадай икемділіктер мен дағдыларға жаттықтырылады: сөзді дұрыс айта білу, сөз ішінде және сөз аралығындағы тіркестерде орфоэпияның  негізгі заңдылықтарын сақтап, әуезді де мәнерлі сөйлей білу, оған қоса дауыс ырғағын, интонацияны дұрыс белгілеп, сәтті де орынды, тиянақты қолдана білу, сонымен қатар әр түрлі ым-ишара, бет құбылысы мен дене қозғалысы, бірін-бірі толықтыру арқылы тыңдаушыға әсер ете білу. Оқушыны тілдің барлық мүмкіндігін еркін пайдаланып, әр сөзді өз орнында және ойына сәйкес дәл қолданып, ойды әр түрлі ахуалдарға байланысты ресми не бейнелеп сөйлеуге жаттықтырып, тіл мәдениетіне баулу керек. Сондықтан ең алдымен ауызекі сөйлей білуді дамыту басқа сөйлеу әрекеттерімен байланысты қарастырылады. Өйткені ауызекі сөйлеу басқа қатысым әрекеттерімен байланысты қалыптасады. Бұрыннан ауызша сөйлеудің диалогтік және монологтік түрі бар екені белгілі.

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Instagram Social Icon
DSC07399
DSCN2515
DSCN2508
DSC07278
DSC06890
IMG-20150606-WA0036
DSC06862

2016 жыл

bottom of page