top of page

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІ

КІРІСПЕ

           Адам — ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениеті жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.  Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені, адам - өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік — адамның рухани арқауы.

                Адам баласы жалғыздықта өмір сүре алмайды.Әрдайым арқа сүйейтін адамға мұқтаж болады. Заман ағымына қарай адамдық құндылықтар да қасиеттер де өзгеріп бара жатыр. Әрбір адам өзінің жағдайын ғана ойлайды. Тастанды балалардың көбеюі, қарттар үйіндегі қарттардың санының артуы, ананың маскүнемдікке салынуы, әкенің баласына жасаған қорлығы, ағасының өз қарындасын зорлауы, ұрлықтың, жоспарланған адам өлімінің жиі ұшырауы, ұзатылмай, өз үйінде отырып аяғы ауырлаған қарагөздің болуы, Отанын сатар, намыссыз ер азаматтардың кездесуі – адамгершілік қасиетті екінші орынға қоюмен болып жатқан фактілер. Осыдан кейін қазақ прозасынан адамгершілік мәселесі негізгі тақырып етіп алынған шығармаларды оқып, талдауды және көпшілік қауымға аталмыш тақырыптың өміршеңдігін насихаттауды жөн санадым.

          Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде барша адамзат өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген үшінші мыңжылдыққа қадам басар кезеңде де рухани асыл-мұрат, адамгершілік, азаматтық парыз, ар тазалығы өзекті қалпында қала бермек.
Бүгінгі таңда барша ізгі ниетті адамды елеңдетіп отырған үлкен көкейкесті мәселе - ғасырлар бойы тірнектеп құраған адам баласының рухани байлығының құнсыздана бастауы, яғни адамның рухани мәңгүрттікке айналуы болып табылады.
Ендеше қазіргі қазақ прозасындағы Төлен Әбдіков, Дулат Исабеков, Дидар Амантайдың, Роза Мұқанованың, Лира Қоныс, Бейбіт Сарыбай, Аягүл Мантаева, Ақберен Елгезек секілді прозаиктердің шығармалары адамның адамды көбірек түсінуіне және адам баласының өзі ұғынып болмаған бойындағы түрлі жағымсыз қасиеттердің түп себебінің неден өрбитінін мейлінше нәзік жеткізе алуымен құнды. Олай болса, адамгершілік арды серік еткен жазушы шығармаларының мәні мен мағынасына тереңдей ену арқылы жазушылардың туған әдебиет тарихынан алар орнын саралау - біздің басты парызымыз.

      Жұмыстың практикалық маңызы:

        Бүгінгі және ертеңгі еліміздің тұтқасы болар жастарымыздың жоғары дәрежелі адамгершіліктегі Адам болып қалыптасуы үшін жазушылардың шығармаларын оқу бағдарламасына енгізуге, үйірме, сыныптан тыс жұмыстарда пайдалануға болады.

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Instagram Social Icon
DSC07399
DSCN2515
DSCN2508
DSC07278
DSC06890
IMG-20150606-WA0036
DSC06862

2016 жыл

bottom of page